Бүгін, Жастар труппасының режиссері Абай Хасенов пен труппа меңгерушісі Айбарша Жумадилова «ALTAI TV» телеарнасының «Алтай таңы» бағдарламасында қонақта болып, сұхбат беріп қайтты.
Сұхбат барысында қызықты сұрақтар қойылып, өткен 5 жылда жеткен жетістіктер туралы әңгіме қозғалды. Сондай-ақ, «ALTAI TV» телеарнасының ұжымы Жастар театрын 5 жылдық мерейтойлары мен құттықтап, ыстық лебіздерін білдірді.
Болашақта жергілікті телеарнамен бірлескен жобалардың қатары артады деген сенімдеміз!