

Өскемен қаласында бірегей театр ғимараты қолданысқа берілгеннен кейін өңір басшысы Даниал Ахметовтың тікелей қолдауымен 2015 жылдың шілде айында Шығыс Қазақстан облыстық драма театры жанынан Жастар театры құрылды. Жастар театры жас ұрпақты актерлық ізгі өнерге баулу мақсатында ашылған. Театрдың көркемдік жетекшісі болып режиссер Айдын Абзалбекұлы Салбанов бекітілді..
Құрамы жағынан театр актерлері Астана қаласындағы Қазақ Ұлттық университетін, Алматы қаласындағы Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясын 2015 жылы тамамдап, өнер жолына енді қадам басқан өрімдей жас таланттар. Өткен жылдың шілдесінде жас ұжым Оңтүстік Кореяның Каннын қаласында өткен XIV халықаралық жастар фестиваліне қатысып, жоғары деңгейде өнер көрсетіп қайтты. Аталған фестивальде режиссер Айдын Салбановтың «Алтай түркі әлемінің бесігі – бөрілер», «Жүрек қағысы» атты музыкалық-пласти
Жастар театрының 2015 жылы 4-қараша күні алғашқы театр маусымы шымылдығы американдық драматург К.Людвигтің «Жұлдызды сәт» комедиясымен ашылды. Спектакльді сахналауға Астана опера театрының талантты жас режиссері Еренбақ Тойкенов шақыртылған. Премьераға облыс әкімі Даниал Ахметов арнайы келіп, қойылымды тамашалады. 8-қарашада Айдын Салбановтың инсценировкасы бойынша «Сүйіңдерші, адамдар...» поэтикалық қойылымы ұсынылды. Театрдың актерлері шеберліктерімен, поэзияның сыйқырлы үні арқылы адам жанын тебірентіп көрермендерді терең ойға қалдырды.
Жас буын актерлеріміз өнерге деген зор құлшыныстарының, шығармашылық ізденістерінің арқасында бүгінде көрермен көңіліне жол тауып, зор қошеметке бөленуде. Олар Абайдың 170 жылдығына, Қарттар күні, Рухани келісім күндеріне арналған мәдени іс-шараларға қатысып, өнер көрсетті. Өскемен қаласының қоғамдық-саяси өміріне белсене араласып, мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға қосқан үлесі үшін қала әкімі Т. Қасымжановтың «Алғыс хатына» ие болды. Сондай-ақ, «Мұсылман Мұхаммедтің үмбетімін» атты рухани кеште өнер көрсетіп, халыққа имандылық тәлімін жеткізгендері үшін Ұлан аудандық мешітінің бас имамы Е.Т.Қайдарұлының «Алғыс хатына» ие болды.
2016 жылдың 6-наурызы күні Мұхаметқали Хасеновтың «Жасасын махаббат!» («Пай- пай, жас жұбайлар-ай!») атты комедиясының премьерасы болып өтті. Спектакльді қоюшы- режиссер ҚР «Еңбек сіңірген қайраткері», «Бәйтерек» тобының әншісі Сайлау Камиев. Жастар театры өзіндік қолтаңбасын, стилін, шығармашылыққа жаңа қырынан келуге, бағытын таңдауға, сара жолын салуға тырысуда.
Ағымдағы жылдың 25-наурызы Ұлыстың Ұлы күні наурыз мерекесіне арналған «Қош келдің, Әз-Наурыз!» атты әзіл-сықақ концерті өтті. Ал 26-наурызда «Халықаралық Театр күніне» байланысты «Маска» кәсіби театр сыйлығының салтанатты марапаттау рәсімі ұйымдастырылды. Мерекеге Шығыс Қазақстан облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы басшысының міндетін атқарушы Раушан Нұрмұханова қатысып, номинациялар бойынша актерлерді «Дипломмен» марапаттады. Осындай марапатқа төмендегі актерлер ие болды:
- «Жас дарын» номинациясы бойынша Қалила Бегімнұр,
- «Ең үздік ер рөлі» – Амантайев Ержан К.Людвигтің «Жұлдызды сәт» Макс рөлі үшін;
- «Ең үздік әйел рөлі» – Абикенқызы Гульвира М.Хасеновтың «Жасасын махаббат!» Ғазиза рөлі үшін;
-«Ең үздік II пландағы ер рөлі» – Нұрмагамбетов Айдос К.Людвиг «Жұлдызды сәт» Сондерс рөлі үшін;
- «Ең үздік II пландағы әйел рөлі» – Елтайқызы Макпал М.Хасеновтың «Жасасын махаббат!» Бану рөлі үшін.
Сондай-ақ, Қазақстан Театр қайраткерлері одағының төрағасы Т.Жаманқұловтың атынан «Құрмет грамотасын» Қалила Бегімнұр мен Хасенов Абай иеленді.
10-сәуірде жазушы-драматург М. Сәрсекенің «Тендерге түскен келіншек» драмасын режиссер – Жастар театрының көркемдік жетекшісі Айдын Салбанов сахналады. Спектакль соңында премьераға келіп қатысқан, сексеннің сеңгіріне шыққан жерлесіміз, қойылым авторы, халықаралық ақпарат академиясының академигі, жазушы-драматург Медеу Сәрсекеге облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар жүрекжарды тілегін білдіріп, арқасына шапан жапты.
24-сәуір күні театрда «Театрдағы бір түн» акциясы өскемендіктерге керемет кеш сыйлады. Көрермендердің театр өнеріне деген қызығушылығын арттыру, баулу, актерлік өнердің қыр-сырымен таныстыру мақсатында сахна тыныс-тіршілігін
Аймақтық басқа да театрлармен шығармашылық байланыс орнату, театрдың танымалдығын арттыру мақсатында мамыр айының 10-14 аралығында Павлодар қаласына «Жасасын махаббат!», «Тендерге түскен келіншек» қойылымдарымен және «Көңіл сыңғыры» әзіл-сықақ концертімен гастролдік сапарға шығу үшін дайындық жұмыстарын жүргізуде.