Image

Қазақ театры

    Өскемендегі алғашқы қазақ труппасы «Мәдениетті қолдау жылы» яғни 2000 жылы ашылды. Труппаның актерлік құрамы облыс көлемінде жарияланған байқаудың негізінде жасақталды.
      Әртүрлі кезеңдерде театрға Владимир Михайлович Аленчук, Рүстем Оразбайұлы Есдәулетов, Сахан Долдиұлы Әкелеев, Дынмухамет Мамырқанұлы Ұябай сынды азаматтар басшылық етті.
   2021 жылдан бері театрдың Бас директоры қызметін Руслан Қайрбекұлы Қайырсынов атқарады.
    Жамбыл атындағы облыстық драма театры, 2014 жылдың желтоқсан айынан бастап, Шығыс Қазақстан облыстық драма театры болып қайта құрылды.
   Облыс орталығындағы тарихи маңызы жоғары ғимараттың салтанатты ашылуы 2015 жылы 7 сәуірде еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қатысуымен өтті. Заманауи жабдықталған театрда 2 көрермен залы (үлкен зал - 511 орын, кіші зал – 129 орын), 2 дайындық залы, 1 музыкалық зал, 1 дыбыс жазу студиясы, 1 биге арналған зал, 1 тренаж залы, 20 арнайы грим бөлмелері, үлкен декорацияларды сақтау орындары, бутафор, костюм, тігін, столяр цехтары бар.
    Өнер ордасының актерлік құрамы жыл сайын Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының, «Шабыт» Қазақ Ұлттық Өнер университетінің түлектерімен толығып тұрады.
      Қазақ труппасының репертуары алуан түрлі жанрларды қамтиды. Шығысқазақстандық көрермен назарына ересектер мен балаларға арналған таңдаулы спектакльдер ұсынылып, оң бағасын алуда.
    Сонымен қатар, театр ұжымы республикалық және халықаралық театр фестивальдерінде бақ сынап келеді. Атап айтқанда, Түркияның Конья қаласында, Өзбекстанның Шолпон-Ата қаласында өткен халықаралық театр фестивальдерінде үздіктер қатарынан табылып, олжалы қайтты.
 
logo11.png
© 2023 Шығыс Қазақстан облыстық драма театры