Image

Орыс театры

Қазіргі орыс театрының тарихы 1902 жылдан басталады. Ол кезде Халық үйі деп аталған. Халық үйі Шығыс Қазақстан облыстық Жамбыл атындағы драма театрының бұрынғы ғимаратында 26 қазан 1902 жылы ашылды. Бұл Халық үйі қаланың мәдени және қоғамдық өмірінің орталығына айналды. Халық үйінің сахнасында қойылған ең бірінші қойылым - «Рабочая слабодка». Орнықты кәсіби театр болмағандықтан, 1935 жылы қала тұрғындары М.И.Калининнен труппаның қалыптасуына көмек сұрап барды. Сонымен, 1936 жылы қаңтар айында бірінші театр маусымы И.Гогольдің «Женитьба» қойылымымен ашылды. Театр жанында 15 адамнан тұратын қазақ ұлттық драма үйірмесі ашылды. Үйірменің репертуарында Г.Гребенщиковтың «Славный джигит», Н. Анненково-Бернарпоның «Крепость» драмасы болды.

1936 жылы Шығыс Қазақстан облысы жеке облыс болғандықтан, Өскемен қалалық театр облыстық статусын алды. 1941 жылы театр ғимараты, фашистік Германияға қарсы күштерді жұмылдыру орталығына айналды.

Ұлы Отан соғысы және соғыстан кейінгі он жыл аралығында, театр қабырғасында - «Русские люди», «У стен Сталинграда», «Нашествие» және тағы басқа қойылымдар үзілмей қойылып тұрды. Театрдың осы кездегі құлшына жұмыс істегендері, соғыстағы және тылдағы азаматтарға рух беріп, жеңіске жетуге сенім беруімен театр тарихында жазылып қалды.

1946 жылы Өскемен қалалық атқару комитетінің шешімімен, облыстық драма театрына, қазақ халқы Жамбылдың туғанына 100 жылдығына арналып, театрға ақынның есімі берілді. Сол кездегі театрдың репертуарында орыс және шетел классикалары орын алған.

Шығыс Қазақстан облыстық драма театрында сахна шеберлері, ҚР еңбегі сіңген әртістер, мәдениет қайраткерлер де еңбектенуде. Театр жас мамандармен де толықтырылуда.

2000 жылдың ақпан айында Шығыс Қазақстан облыстық Жамбыл атындағы драма театрында қазақ труппасы ашылды. Труппа ең алғашқы маусымын Ғ.Мүсіреповтың «Қозы Көрпеш Баян Сұлу» спектаклімен ашты.

2012 жылы Өскемен қаласында театрдың жаңа ғимараты салынды. Алғашқы кезде ол ғимарат қазақ драма театрына арналып салынады делінген, бірақ, қазір бұл мәдени ошақ ордасында қазақ, орыс және Жастар театрлары жұмыс істеуде. Жастар театры 2015 жылы құрылды.

Шығыс Қазақстан облыстық драма театрының жаңа ғимараты 2015 жылдың 7 сәуірінде,Қазақстан Республикасы Президенті қатысуымен салтанатты түрде ашылды. Театрда екі көрермен залы, үлкені - 600 орындық, бірнеше репетициялық, музыкалық, балет, тренажер залдары, грим бөлмелері бар. Театрға қажетті жарық және музыка бөлімдеріне арналған арнайы құрал-жабдықтармен қамтылған, дыбыс жазу студиясы бар.

Қазіргі күнде орыс театрында жылына 5-6 жаңа қойылымдар дайындалып, қойылады. Бір театр маусымында 200-дей қойылымдар қойылады, оның жартысы аншлагпен өтеді. Сонымен қатар, балаларға да жылына 3-4 қойылым қойылады.

Театр репертуары әртүрлі – орыс, шетел классикасы және заманауи драматургия.

logo11.png
© 2023 Шығыс Қазақстан облыстық драма театры