ТАРИХИ ЕСТЕЛІК

Шығыс Қазақстан облыстық драма театрында саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні театрландырылған композиция мен спектакль көрсетіледі.

1997 жылы Қазақстанның Тұнғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 31 мамыр Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні болып жарияланды.

Содан бері қазақстандықтар жыл сайын халық тарихындағы қайғылы оқиғаларды, тәуелсіздік үшін қаза тапқан батырлардың есімдерін еске алады.

XX ғасырдың 1920-1950 жылдары патриоттардың тұтас ұрпағының, қазақ зиялылары өкілдерінің өмірі құрдымға кетті. Олар бүгінгі күні Қазақстан мемлекеттілігінің негізінде жатқан құндылықтар - ұлттық сана мен бірлік үшін күресті.

31 мамырда театрдың ресми YouTube арнасында көрермендер назарына "Атамыз Алаш – керегеміз ағаш" театрландырылған композициясы - https://youtu.be/J_XCYGD-q08, сондай-ақ О.Жанайдаровтың "Жұт" драмасы - https://youtu.be/8-2ODp4Z0A0 ұсынылады.

Біздің борышымыз және еліміздің борышы – тарихтың қайғылы беттерін ұмытпау.

logo11.png
© 2023 Шығыс Қазақстан облыстық драма театры