«ҰРЛАУ» СӘТТІ ӨТТІ!

Шығыс Қазақстан облыстық драма театрының кіші сахнасында Ксения Степанычеваның «Похищение» пьесасы бойынша шытырман оқиғалы қылмыстық комедияның тұсаукесері өтті.

Қойылым сюжеті бойынша екі құрбы орманда бейтаныс адамның денесін кезіктіріп, жақсы ниетпен оған көмектескісі келеді. Оның орнына олар шиеленіскен оқиғаға тап болды. Бұл жағдайдан мықты жүйке жүйесіз, импровизациясыз және шығармашылық тапқырлықсыз шығу, әлбетте, мүмкін емес! Қуантарлық жайт, бұл қасиеттер басты кейіпкерлер бойынан толықтай табылды. Өйткені, олар актрисалар!

Орыс труппасының көркемдік жетекшісі Роман Степенский жақсылық пен жамандықтың, шындық пен көркем әдебиеттің, кездейсоқтық пен заңдылықтың арасындағы тұрақсыз шекаралар туралы жеңіл, көңілді және серпінді қойылым қойды.

Шығысқазақстандық көрермен «Похищение» қойылымын ду қол шапалақпен қарсы алды! Және осындай көтеріңкі сарында труппа 85-ші маусымның тұсаукесерлік қойылымдар қатарын аяқтады.

  • 2021 04 21 001
  • 2021 04 21 002
  • 2021 04 21 003
  • 2021 04 21 004
  • 2021 04 21 005
  • 2021 04 22 006
  • 2021 04 22 007
  • 2021 04 21 001
  • 2021 04 21 002
  • 2021 04 21 003
  • 2021 04 21 004
  • 2021 04 21 005
  • 2021 04 22 006
  • 2021 04 22 007

logo11.png
© 2023 Шығыс Қазақстан облыстық драма театры