ШЫҢЫРАУ ҮСТІНДЕГІ МОНОЛОГ

27, 28 наурыз сағат 15.00-де Шығыс Қазақстан облыстық драма театрының орыс труппасы көрермендері назарына «ПОЧЕМУ ЛЮДИ НЕ...?» моноспектаклі жол тартады.

Драматург және қоюшы-режиссер Сергей Астраханцев театр сүйер қауымға тың жанрдағы қойылыммен танысуды ұсынады.

«Почему люди не...?» монопьесасы 2007 жылы жазылған. Осы уақытқа дейін оның сахналық тағдыры Ресей мен Украина театрларында сәтті қалыптасты. Енді Сергей Астраханцев пьесаны өзінің туған сахнасында қоюға шешім қабылдады.

Бұл спектакль не туралы? Мазасыз ойлардан жеңіліп, өмірдің мәнін, Құдайды іздеуде жүретін біз туралы. Кейбіреулерді көпқабатты үйдің төбесінен тұңғиыққа итеріп жіберетін тылсым туралы. Құтылу, жанның қайта жандануы туралы.

Басты және жалғыз рөлді орындаушы актер Михаил Иванов.

logo11.png
© 2023 Шығыс Қазақстан облыстық драма театры