ӘН ШАМШЫРАҒЫ – ШӘМШІ

2021 жылдың ақпан айының 8-9 жұлдызында Шығыс Қазақстан облыстық драма театрының Жастар труппасында «ӨМІР-ӨЗЕН» атты Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдығына арналған музыкалық қойылымның тұсаукесері өтті.

Қазақтың маңдайына біткен тума талант, дара тұлғаның әуезді әндері жылдар өтсе де халықтың жадында сақталып келеді.

Театр композитордың қайталанбас туындыларын қасиетті сахнада шырқап, қойылым арқылы халыққа ерекше сезім сыйлауды жөн санады. Шәмші әндеріне деген ерекше махаббатпен ұсынылған «Өмір-өзен» қойылымы көпшілік көңілінен шықты деуге негіз бар. Көрерменнің ыстық ықыласы, қошеметі – соның айғағы.

Минимализм жанрында жасалған декорация, жанды дауыстағы әндер, ырғақты билер сол заманның атмосферасын сезіндірді.

Карантиндік шектеу шараларын қатаң сақтай отырып премьераның екінші күні де аншлагпен өтті. «Жарайсыңдар! Театрдан Шәмшіні көріп қайттық!» – деген көрерменнің баға жетпес пікірлері толассыз келіп жатты.

  • 2021 02 07 01
  • 2021 02 07 02
  • 2021 02 08 04
  • 2021 02 10 03
  • 2021 02 07 01
  • 2021 02 07 02
  • 2021 02 08 04
  • 2021 02 10 03

logo11.png
© 2023 Шығыс Қазақстан облыстық драма театры