ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕГІ СҰХБАТ

Бүгін, театрымыздың қоюшы-режиссері Абай Дәулетұлы мен актер Жантай Турусбеков жергілікті «ALTAI» телеарнасының таңғы «Алтай таңы» бағдарламасында қонақта болып, сұхбат беріп қайтты. Біздің мақсат – көгілдір экран алдындағы көрерменмен Жастар театрында болып жатқан жаңалықтармен бөлісу, актерлер шығармашылығын насихаттау.

Сұхбат барысында студия қонақтарына қызықты сұрақтар қойылып, керемет әңгіме-дүкенге ұласты. Сондай-ақ, театр өкілдері тікелей эфирде патша көңіл көрерменді 8,9 ақпан күндері өтетін «Өмір-өзен» музыкалық қойылымының тұсаукесеріне шақырып қайтты.

logo11.png
© 2023 Шығыс Қазақстан облыстық драма театры