Құрметті шығысқазақстандықтар!

Құрметті шығысқазақстандықтар!

Сіздерді, тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні – Тәуелсіздік мерекесімен құттықтаймын!

Ата-бабамыздың арманы ақиқатқа айналып, азаттық күні туғанына бүгінде 29 жыл толып отыр. Ширек ғасыр бұрын еліміз салиқалы саясатпен дүниеге еркіндігімізді жария етіп, мәңгілік ел болудың алғашқы қадамын жасады. Ғасырлар бойы армандап өткен тәуелсіз ел болу мәртебесін көру – бүгінгі ұрпаққа бұйырған зор бақыт.

Баршаңызға зор денсаулық, шаңырақтарыңызға шаттық, берекелі бірлік пен баянды тірлік тілеймін!

Тәуелсіздігіміз тұғырлы, елдігіміз ғұмырлы, мәңгілік еліміздің келбеті сәнді, еткен еңбегіміз мәнді болсын!

Құрметпен, ШҚО драма театры директоры Д.Ұябай

logo11.png
© 2023 Шығыс Қазақстан облыстық драма театры