Құттықтау
Құрметті Шығыс Қазақстандықтар!
Тәуелсіз Қазақстанның іргетасын қалап, болашаққа бағыт-бағдар берген Президенттің халық алдындағы еңбегі ұшан-теңіз. Шын мәнінде, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында тәуелсіз Қазақ елі қалыптасып, тарихымыз түгенделіп, тіліміз, дініміз қайта оралып, мемлекетіміздің ұлттық рәміздері қабылданды.
Бүгінде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұлттық құндылықтар, ұлттық мәдениет оның ішінде тіл, дәстүр салтты көне тарихымызды өнердің тілімен жас ұрпақ санасына жаңғырту мақсатында аянбай еңбек етеміз.
Тұңғыш президент күні мерекесі - баршамызға ортақ мереке құтты болсын!
Құрметпен, ШҚО драма театрының директоры - Д.Ұябай