Қымбатты достар! Құрметті көрермендер!

Халықаралық театр күні мерекесі құтты болсын!

Театр өнері – қай дәуірде де маңызын жоймай, мәңгі жасайтын мәуелі өнер. Ұлттық өнерді өркендетуде талмай еңбек етіп келе жатқан әріптестерімді, өнер мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

Құрметті көрермендер!

Елімізде мәдени және спорттық шараларды өткізуге уақытша тыйым салынуына байланысты наурыз айына жоспарланған қойылымдар кейінге қалдырылғанын жеткіземіз.

Қойылымдардың өзгертілген уақыты кейінірек хабарланатын болады.

Театр әкімшілігі

ҚОЙЫЛЫМДАР ТАҒЫ БІР АПТАҒА ШЕГЕРІЛДІ

Құрметті көрермендер! Эпидемиологиялық жағдайды сақтау мақсатында осы аптаға жоспарланған қойылымдар кейінге қалдырылғанын хабарлаймыз.

Келтірілген ыңғайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз!

Алдағы қойылымдар жайлы театрдың ресми сайттарынан біле аласыздар.

Театр әкімшілігі

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

Құрметті көрермендер! Эпидемиологиялық жағдайды сақтау мақсатында

3-9 наурыз күндері аралығына жоспарланған қойылымдар кейінге қалдырылғанын жеткіземіз!

Келтірілген ыңғайсыздық үшін кешірім сұраймыз және түсіністікпен қарайды деген ойдамыз!

Билеттерді театр кассасына өткізулеріңізге болады.

Театр әкімшілігі

ҰЛТТЫҚ ӨНЕРДІҢ ӨКІЛІ

Шығыс Қазақстан облыстық драма театрының директоры Ұябай Дынмұхамет Мамырханұлы 60 жасқа толды. Мерейлі мерекеңіз құтты болсын!

ПРЕМЬЕРА! А.П. ЧЕХОВ «ӘҢГІМЕЛЕР...» ҚАЛЖЫҢСЫЗ КОМЕДИЯ

Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының, облыстық драма театрының қазақ труппасында ағымдағы жылдың 08 ақпанында А.П. Чеховтың әңгімелері жинағынан алынған «Әңгімелер» атты қойылымы өтті. Қойылымның режиссері тәжірибе алмасу мақсатында шақырылған ҚР «Мәдениет қайраткері» Б.Шамбетов.

«ӘҢГІМЕЛЕР»

Шығыс Қазақстан облыстық Қазақ драма театры – 2020 жылды орыс классигі А.П. Чеховтың әңгімелері бойынша «Әңгімелер...» атты қойылымды дайындаумен бастады.

Қойылымды сахналайтын тәжірибе алмасу мақсатында шақырылған режиссер ҚР «Мәдениет қайраткері» Б. Шамбетов. Жас режиссердің бұған дейінгі сахналаған қойылымдары түрлі номинация иегерлері. 2017 жылы Р.Есдәулет атындағы фестивальде М.Жұмабаевтың «Шолпанның күнәсі» атты қойылымды сахналаған режиссер Б. Шамбетов «Бас жүлдені» иеленген болатын.

Қойылым адам өмірінің қиын да, қызықты кезеңдері, материалдық және рухани құндылықтарды бөліп қарауы, шекпенділерге табынушылар, адамдар арасындағы көре алмаушылық, күншілдікті арқау ететін спектакль – өмірден алынған ащы шындығымен көрерменін бейжай қалдырмайтыны анық.

  • 2020 01 20 00001
  • 2020 01 20 00002
  • 2020 01 20 00003
  • 2020 01 20 00004
  • 2020 01 20 00005
  • 2020 01 20 00006
  • 2020 01 20 00007
  • 2020 01 20 00008
  • 2020 01 20 00009
  • 2020 01 20 00001
  • 2020 01 20 00002
  • 2020 01 20 00003
  • 2020 01 20 00004
  • 2020 01 20 00005
  • 2020 01 20 00006
  • 2020 01 20 00007
  • 2020 01 20 00008
  • 2020 01 20 00009

Ұлы Абайдың 175 жылдығын тойлау ресми түрде басталды

2020 жылдың 21 қаңтарынан бастап елімізде, Абайдың 175 жылдығын мерекелеу басталды. Руханилықты насихаттаудың үлкен ордасы ол – Театр. Осыған орай, Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының, «Шығыс Қазақстан облыстық драма театры» ұжымы 22 қаңтар күні, сағ 17.00-де К. Жұмабектің «Замана неткен тар едің...» атты қойылымын көрерменге тегін сахналады.

Қадірлі Өскемендіктер және қала қонақтары!

2019 жылдың 27 желтоқсаны күні елімізде болған ұшақ апатына байланысты, ағымдағы жылдың 28 желтоқсаны күні жалпы ұлттық аза тұту күні – деп, жарияланды. Осыған орай, 28 күні болатын барлық қойылымдар басқа күнге ауыстырылды.

Керей – Жәнібек

Шығыс Қазақстан облыстық драма театрында 16 – желтоқсан «Тәуелсіздік күніне» орай, Д.Рамазанның «Керей – Жәнібек» атты тарихи қойылымы қала халқына тегін сахналанды.

ЕСКЕ АЛУ

Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының, Шығыс Қазақстан облыстық драма театрында, ағымдағы жылдың 23 қарашасы күні облыстық драма театрының директоры қызметін атқарған, Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты ақын, режиссер Рүстем Есдәулетовтің өмірден өткеніне он жыл толуына байланысты «Еске алу кеші» өтті.

ПРЕМЬЕРА ӨТТІ

Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Шығыс Қазақстан облыстық драма театрының» қазақ труппасы, кезекті 20 театр маусымын белгілі әнші, актер, ақын, драматург - Қанат Жүнісовтың «Алғашқы махаббат» атты комедиясымен ашты.

logo11.png
© 2023 Шығыс Қазақстан облыстық драма театры