ЖАҢА КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІ

Шығыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрының ұжымына жаңа көркемдік жетекші таныстырылды. Бұл лауазымға Дос Құбаш Айжарықұлы тағайындалды.

Дос Құбаш біздің талантты жерлесіміз, Үржар ауданы, Жарбұлақ ауылының тумасы. Кішкентайынан өнерлі ортада өскен. Әкесі - Айжарық Құбашұлы Абылқасымов, белгілі қазақстандық ақын, ҚР Жазушылар одағының мүшесі.

Т.Жүргенов атындағы ұлттық өнер академиясын, «Театр өнері» факультетін тәмамдаған соң, жас режиссер Қостанай облыстық қазақ драма театрында еңбек жолын бастады. Бес жыл ішінде ол 20-ға жуық қойылым сахналады, олардың қатарында Р. Отарбаевтың «Айна ғұмыр» драмасы, А. Айлароватың «Бүлдірген біз бе?» комедиясы және балаларға арналған ертегілер, т.б. бар.

Дос Құбаш – «Темірқазық -2021» сыйлығының лауреаты, «Ұлттық Ұланның үздігі» төсбелгісінің иегері, түрлі театр форумдары мен фестивальдарының қатысушысы.

Қазақ театрының жаңа көркемдік жетекшісіне шығысқазақстандық театр сахнасында шығармашылық идеялардың сәтті жүзеге асуына тілектеспіз!

logo11.png
© 2023 Шығыс Қазақстан облыстық драма театры