БАСШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Ағымдағы жылдың 1 маусымынан бастап Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы «Шығыс Қазақстан облыстық драма театры» КМҚК бас директоры болып Кайырсынов Руслан Кайрбекулы тағайындалды. Театр ұжымына жаңа басшыны «Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы» ММ-нің басшысының м.а. Нұрмұханова Раушан Қапасқызы таныстырды.

Руслан Кайрбекулы Кайырсынов 1979 жылы 16 шілдеде дүниеге келген. «Кәсіпорындағы экономика және менеджмент» және «Құқықтану» мамандықтары бойынша жоғары білімі бар.

Еңбек жолын 2002 жылы бастаған. 2008 жылға дейін сот жүйесінде жұмыс істеді.

2008-2009 жж. - Жамбыл атындағы Шығыс Қазақстан облыстық драма театры директорының орынбасары;

2009-2011 жж. - ШҚО мәдениет басқармасы басшысы орынбасары;

2011-2012 жж. - Зайсан ауданы әкімінің орынбасары;

2012-2013 жж. - Жамбыл атындағы Шығыс Қазақстан облыстық драма театрының директоры;

2013-2015 жж. - ШҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының міндетін атқарушы.;

2015-2019 жж. - ШҚО әкімі Іс басқармасының басшысы;

2019-2021 жж. - Шығыс Қазақстан сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығы директорының орынбасары.

Руслан Қайырсынов екі мерейтойлық: «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» және «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мемлекеттік наградалармен марапатталған.

logo11.png
© 2023 Шығыс Қазақстан облыстық драма театры