Құрметті көрермендер «Ashyg» қосымшасы іске қосылған соң, Шығыс Қазақстан облыстық драма театры ұжымы бекітілген кесте арқылы жұмыстарын бастады.
Осыған орай, 21 мамыр күні Айзат Рақыштың «Тегімді менің сұрама...» қойылымын, театрымыздың актер-режиссері Ертай Хасенов сахнаға алып шықты. Бұл атаулы, мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесі, қазақ труппасы үшін сәтті, қуанышты күн болды.
«Бітер істің басына, жақсы келер қасына» демекші, дәл осы күні ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісін Ертай Жұманұлы кеудесіне тақты.
Алыстан ат терлетіп келген Айзат Серікқызы, Мирас Разханның 50 минут көрерменді бір демде ұстаған актердің ішкі мүмкіндіктерінің зор екенін, дауысының ашық дикциясы айқын екеніне риза болып, жас өнер иесіне, мықты денсаулық тілей отыра, ірі кейіпкерлерді сомдауға жазсын деген тілектерін жолдады.
Автордың драматургия саласындағы тұңғыш еңбегі, тұңғыш рет театрда сахналанды. Аталған қойылым көрерменнің көңілінен шықты, көптің көңіліне ой салғаны анық.
Айзат Серікқызы! Шығармашылық шыңның төрінен көрінуіңізге шын жүректен тілектеспіз!