Козы Корпеш - Баян Сулу

Шығыс Қазақстан облыстық қазақ драма театры ұжымында, 25 ақпан күні Ғ.Мүсіреповтың «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» трагедиясының премьерасы  өтті.

Аталған қойылымда өткен ғасырдағы бай – манаптардың дүние, атақ, үшін жер бетіндегі тіршілік иесіне жасаған қиянаттары, қос ғашықтың бұл жалғанда көре алмай кеткен қызықтарын,  тағдырдың тәлкегіне салуы суреттеледі.

Әлеуметтік тартысқа сай сюжеттік құрылысы жағынан, декорациясы, әуенмен әрлеуі көркем әрі көңілге қонымды, қазақ халқының әдеп-ғұрыптарын, тұрмыс-салт жырларымен байланыстыра отырып, сол кездегі қоғам тынысынан сыр шертіп баянсыз, адал махаббатты дәріптеген қойылым көрермен көңілінен шықты

Қойылымның режиссері: Асыл Қозықанов.

  • 2021 02 25 001
  • 2021 02 25 002
  • 2021 02 25 003
  • 2021 02 25 004
  • 2021 02 25 005
  • 2021 02 25 006
  • 2021 02 25 007
  • 2021 02 25 008
  • 2021 02 25 001
  • 2021 02 25 002
  • 2021 02 25 003
  • 2021 02 25 004
  • 2021 02 25 005
  • 2021 02 25 006
  • 2021 02 25 007
  • 2021 02 25 008

logo11.png
© 2023 Шығыс Қазақстан облыстық драма театры