Театр өнерінде болып жатқан процестерді бақылап отырсаңыздар, облыстық қазақ театры актерлер құрамымен көрермендерін жақыннан таныстырып шықты. Театр тек актерлер қатарынан тұрмайды. Түрлі цехтар жұмыс атқарады.
Солардың бірі әуенмен әрлеуші – Мақсат Ақылбайұлы және киім цехы, яғни костюмер қызметін атқаратын Бошанова Лаура «Алтай арнасында» көрермендерге театр өнерінің тағы бір қырын паш етті.
Мақсат Ақылбайұлы – жоғары санатты әуенмен әрлеуші. Театр саласына келгелі жас болса да, көптеген қойылымдарды музыкамен көркемдеп, мінез-құлқын ашуға жағдай тудырып, қойылым режиссерімен етене жұмыс жасап келеді. Әуенмен әрлеушінің – қойылымды көркемдеп шығарудағы еңбегі аса зор.
Лаура Ербосынқызы атрисалық қызметін белгілі себептермен костюмерлік қызметке ауыстырды, сондықтан көпшілік сахнада көрініп жатады. Атқаратын еңбегіне адал, театр өнерінің жанашыры.
Еңбек жолдарыңыз ізденістер, жеңістер мен жетістіктерге толы болуына шын жүректен тілектеспіз!