Аладдин музыкалық ертегісі сахналанады

28 мамыр сағат 12:00-де Шығыс Қазақстан облыстық драма театрында әйгілі араб ертегісі «Аладдин» алғаш рет сахналанбақ.

Ертегіні қазақшаға аударған Бекзатхан Шолпанқұл, қоюшы-режиссері Асыл Қозықанов.

Шығыс ертегілерін сүйіп оқитын оқырман үшін «Аладдин» ертегісіне деген қызығушылық бір сәт те бәсеңсіген емес. Әйгілі «Мың бір түн» жинағына енген айтулы хикаяның даңқы жылдар алға жылжыған сайын тіпті асқақтап, тек араб елінің емес, жаһанға ортақ жауһарға айналып үлгергені қашан!

Джин үш тілегін орындауы үшін сиқырлы шамды кімнің алғысы келмейді? Бірақ сиқыр үнемі орынды ма? Мүмкін әр нәрсеге еңбекпен, күреспен және еңбекқорлықпен қол жеткізілуі керек шығар? Мысалы-махаббат. Өйткені, шынайы махаббат-бұл сиқыр, нағыз ғажайып. Жұмбақ мыс шамы қолына түскенде, Аладдин қандай жолды таңдайды және қандай үш тілек айтады?

log200.png